» » Небәрі 30 күн ішінде: Түркістандық түлектер мұқтаж сыныптасының отбасына үй салып берді

Небәрі 30 күн ішінде: Түркістандық түлектер мұқтаж сыныптасының отбасына үй салып берді

Түркістан қаласында мектепті 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер қайырымды іс жасап, бүтін бір отбасыны қуантты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ernur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Alt

Қасиетті Рамазан айында 1982 жылы дүниеге келген түлектер игі істі қолға алып, мұқтаж отбасыға үй салып берді. 
Түлектердің барлығы №11, №18 және №31 мектептерді тәмамдаған.  

Жаңа баспанаға ие болған Бақтыбай Таубаев осы Мөлтек ауданының тұрғыны. Денсаулығы жұмысқа жарамайтын ол анасымен бірге тұрып жатыр. Бірге өскен сыныптастың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы түлектерді бұрыннан ойландырып жүрген екен. Олар Рамазан айының алғашқы күндері іске кірісіп, жалпы құрылысты небәрі бір ай ішінде аяқтады. 

Alt

Күні бүгін олар 70 шаршы метр аумақты қамтыған үйдің кілтін табыстады. Барлығы бірігіп ауызашар беріп, Құран бағыштады. 

"Ер Бекзаттың інілері ізгілікті іс жасап, ынтымақтың қандай болатынын көрсетіп елге үлгі болды" десті жерлестері. 

04 маусым 2019 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031