» » "21 мың теңгеге мал сатып алуға міндеттейді": Түркістан облысында көпбалалы аналар әкімдіктің талабын ашық айтты

"21 мың теңгеге мал сатып алуға міндеттейді": Түркістан облысында көпбалалы аналар әкімдіктің талабын ашық айтты

Түркістан облысында көпбалалы отбасылар "21 мың теңге жәрдемақыға тек мал сатып аласыңдар" деген әкімдік бастамасын басымшылыққа балап отыр.

21_myn

Сайрам ауданы Қарасу ауылында көпбалалы аналар шенділер міндеттеген соң ешкі сатып алғандарын айтады. Бұл туралы 31 арнаға сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Онымен қоймай мал алғанымыз туралы есеп сұрап отыр. Айтуларынша, келесі жәрдемақыға да мал аласыңдар деп талап қойған көрінеді.
"Мен жәрдемақыға мал сатып алам ба, жоқ әлде балаларымды асыраймын ба?" - дейді көпбалалы ана.

Ал, әкімдік қызметкерлері мұны теріске шығарды. 

"Біз ешкімді міндеттеген жоқпыз. Мұндай ақпаратты естіген емеспіз. Көпбалалы аналарға мал сатып алу міндеттелмейді. Олар ақшаны қалай жұмсаса да, өз еркінде", - деді ауылдық әкімнің орынбасары Дастан Сыдықов.

Stan.kz
04 маусым 2019 ж. 274 0