» » Егіз болады деп күткен: Қостанай облысында әйел ойда жоқта үшемді өмірге әкелді

Егіз болады деп күткен: Қостанай облысында әйел ойда жоқта үшемді өмірге әкелді

1 маусымда Қостанай облысындағы перзентханада 17 жастағы әйел үшемді өмірге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алау» порталына сілтеме жасап. 


Мұндай жағдай Лисаковск тұрғынының отбасында орын алған. 17 жастағы Ирина егіздерді күтіп жүрген екен. Алайда босанған күні екі қыз бен бір ұл баланы өмірге әкелген. Олардың салмағы 1,4 келіден 2,1 келіге дейін.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жас ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы екенін айтты. 

Иринаның өзі дәрігерлердің арқасында үшемі аман-есен дүниеге келгенін айтады.

«Біз егіз болады деп күттік. Сөйтсек, тосынсый күтіп тұр екен. Бақыттымыз әрі өте қуаныштымыз. Бұл біздің алғашқы немерелеріміз. Үшінші сәбиге өте қуаныштымыз», - дейді үшемнің әжесі.


Stan.kz 


05 маусым 2019 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031