» » АУДАНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

АУДАНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Жалағаш аудандық қоғамдық ден­сау­лық сақтау басқармасының мамандарымен санитарлық-эпидемиологиялық салау­ат­­тылықты арттыруда, қоғамдық денсаулық сақ­тау қызметі және өнімдер қауіпсіздігін қам­тамасыз етуде 2017 жылы біршама жұмыстар ат­қарылды.Қадағалаудағы 321 объектіге 230 тексеру жүргізілді, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша – 124, жоспардан тыс – 106. Қорытыдысымен – 141 айыппұл салынды.
Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 1 шағым жеке тұлғадан түсіп, жауап берілді.
Аудан көлеміндегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты болып қалыптасты, яғни тұрғындар арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, малярия, лептоспироз, листериоз, трихинеллез, иерсиниоз, безгек аурулары тіркелмесе, жұқпалы аурулардың 10 түрі бойынша 2016 жылмен салыстырғанда аурушандық көрсеткішінің төмендеуі орын алды (сальмонеллез, дизентерия, нақтыланған басқа да бактериялық ішек жұқпалары, нақтыланбаған бактериялық ішек жұқпалары, ротавирустық энтерит, дерматомикоздар, бруцеллез, алғаш анықталған эхинококкоз, гименолепидоз, жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасы, туберкулез).
Аудан бойынша қолайсыз болып табылатын 10 (Бұқарбай батыр, Аққұм, Еңбек, Мақпалкөл, Жаңаталап, Ақсу, Қаракеткен, Жаңадария, Ақарық, Таң) елді мекендерінің аумағында санитарлық қорғаныс белдеулеріне 2017 жылдың көктемгі, күзгі кенеге қарсы заласыздандыру жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы эпизоотиялық көрсеткішіне байланысты оба ауруының табиғи ошағында тұратын қауіпті топтағы адамдар арасында 1318 адам обаға қарсы егуге жоспарланып, 1312 адамға обаға қарсы егу жұмыстары жүргізілді, обаға қарсы қауіпті топтағыларды егу жұмысы 99,5 пайызға орындалды.
Құтырма ауруының алдын алудың бірден-бір жолы егесіз ит-мысықтардың көзін жою болып табылатындықтан былтыр иесіз ит-мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен 2 млн 249 мың 600 теңге қаржы бөлініп, осы қаржыға аудан бойынша 1 егесіз ит-мысықтарды жою бригадалары жасақталып, нәтижесінде 1382 егесіз ит пен 24 мысықтың көзі жойылды. Жыл бойына 200 адам әртүрлі жануарлардан жарақаттар алуына байланысты дәрігерлік көмекке жүгініп, 200-іне антирабикалық егу жұмысы тағайындалған.
Аудан бойынша 2017 жыл көлемінде 20 жіті ішек инфекциясы, оның ішінде 1 дизентерия, ротовирусты инфекциясы және 1 сальмонеллез тіркелді. Жұқпалы жіті ішек инфекциясының 20 жағдайы тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 54,3-ті құрап, өткен 2016 жылмен салыстырғанда биыл 3 жағдайға азайған.
Аудан көлеміндегі кент және елді мекендер кесімінде жедел ішек аурулары кент орталығында 5 жағдайға, Мәдениет, Мақпалкөл, Бұқарбай батыр елді мекендерінде 1 жағдайдан төмендеу деңгейі қалыптасты.
Аудан аумағында жоғары аурушаңдық көрсеткіш кент орталығында орын алуда. Барлық жұқпалы жіті ішек ауруларының 57,8 пайызы кент тұрғындарының үлесіне тиесілі болып отыр.
2017 жылдың 1 қазанынан бастап халықтың 1960 осал неғұрлым топтарына тұмауға қарсы егу жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, тұмауға қарсы 2060 доза алынды. Егу жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша 24 туберкулез ауруы тір­келсе, оның ішінде өкпе туберкулезі -16, өкпеден тыс туберкулезі 8-ге жетті.
Өткен жылға арналған өнімдердің қауіп­сіздігін мониторингілеу шеңберінде өнім­дер сына­маларын алу жоспар-кестесіне сәйкес, басқарма бойынша кесте бекітіліп, жыл бойына 13 сауда орындарынан 192 сынама сатып алынды. 1 сәйкессіздік анықталды. 192 сынаманың 170-і тамақ өнімдері, 22-сі тұрмыстық заттар. Сәйкессіздік анықталған 1 нысан егесіне санитарлық ұйғарым беріліп, орындалу барысы тексерумен қамтылды.
2018 жылы жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын-алу, аса қауiптi жұқпалы аурулардың болдырмауына, оның таралуына жол бермеу, туберкулез, сарып, вирусты гепатит, жұқпалы iш ауруларымен күресу, Елбасының Жолдауын жүзеге, асыру, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, объектілерде өндірістік бақылау және санитарлық-эпиде­миологиялық аудитті енгізу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларының орындалуына аудан көлемiнде көркейту, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргiзу, мамандардың бiлiмдiлiк, бiлiктiлiк деңгейiн көтеру, халықтың салауатты өмiр сүруiн қалыптастыру жұмыстарын осы негiзгi бағыттарда аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма ұжымы аянбай еңбек ете бередi.

О.АХАНОВ,
басқарма басшысы.
13 ақпан 2018 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

№75 (9454)

06 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031