» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРТА БЕРЕДІ ДЕП СЕНЕМІЗ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРТА БЕРЕДІ ДЕП СЕНЕМІЗ

Биылғы жыл ел тарихында саяси оқиға орын алған елеулі жыл болды. Ең алдымен бұл жыл жастарды қолдау жылы болып белгіленді. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында да жүйелі жұмыстар жасалды. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері артып, көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы көлемі өсті.
Мұнан бөлек, күні кеше Нұр-Сұлтандағы Тәуел­сіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рә­сімі өтті.  Мемлекет басшысы ре­тінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Қа­зақ­стан халқына ант берді. Сайлау науқанының нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жетуі ел болашағына жасалған маңызды шешім деп ойлаймын. Өйткені, Мемлекет басшысы бұрыннан бері де тәуелсіз еліміздің дамуы жолында еңбек етіп жүрген мықты саясаткер. Сондықтан да ол кісі әлеуметтің әлеуетін көтеруге бар күш-жігерін жұмсайды деп ойлаймын.
Жаңа Президенттен күтеріміз көп. Сайлауалды бағдар­ламасына қойған міндеттерін орындайды деп сенеміз.

Мейрамкүл БАЙТҰРҒАНОВА,
кент тұрғыны, көпбалалы ана.
13 маусым 2019 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031