» » ҚТЖ стоп-кранды жұлғаны үшін төленетін айыппұл туралы айтты

ҚТЖ стоп-кранды жұлғаны үшін төленетін айыппұл туралы айтты

Сондай-ақ вагон терезесі мен есіктерінен қоқыс тастағаны және қозғалыс кезінде вагон есіктерін ашқаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ÒТРÑÑоп-кÑÐ°Ð½Ð´Ñ Ð¶Ò±Ð»ÒÐ°Ð½Ñ Ò¯ÑÑн ÑөленеÑÑн айÑппұл ÑÑÑÐ°Ð»Ñ Ð°Ð¹ÑÑÑ


ERNUR.KZ. ҚТЖ стоп-кранды жұлғаны үшін төленетін айыппұл туралы айтты, деп жазады baq.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексіне сілтеме жасай отырып, жүк вагондарында заңсыз жол жүргені үшін, пойыздың қозғалыс кезінде оған отыру және одан түсу, басқыш пен вагон үстінде жүру, заңсыз пойыз жүрісін тоқтатқаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салынатыны туралы ескертеді.Сондай-ақ, вагон терезесі мен есіктерінен қоқыс тастағаны және қозғалыс кезінде вагон есіктерін ашқаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», - делінген таратылған ақпаратта.

Ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында компанияға қарасты пойыз бағыттарында 46 рет стоп (тоқтату)- кранының жұлынғаны анықталды. Оның 13-ші жолаушылардың ұқыпсыздық салдарынан, 5 рет – пойызға кешіккендіктен, ал 4 рет жолаушылардың жолда денсаулықтарының нашарлауына қатысты жұлынған. Сол сияқты 4 рет шойын жол үстіндегі бөгде адамдардың өміріне қауіп төнген кезде және де стансаға тоқтаған уақытта жолаушылардың түсіп үлгермеген сәтте, сонымен бірге 3 рет мас жолаушылар мен шығарып салушылардың кесірінен пойыз жүрісі тоқтатылған. Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына жолда өте мұқият болып тасымалдау ережелерін қатаң сақтауларын сұрайды.
 
ERNUR.KZ
17 маусым 2019 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031