» » Министр Дәленов тауар ұнамаған жағдайда сатушыға қалай қайтаруға болатынын түсіндірді

Министр Дәленов тауар ұнамаған жағдайда сатушыға қалай қайтаруға болатынын түсіндірді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сатып алған тауарды сатушыға қалай қайтаруға болатынын түсіндірді.

ÐиниÑÑÑ ÐÓленов ÑаÑÐ°Ñ Ò±Ð½Ð°Ð¼Ð°Òан жаÒдайда ÑаÑÑÑÑÒа Òалай ÒайÑаÑÑÒа болаÑÑнÑн ÑÒ¯ÑÑндÑÑдÑ

Министр Дәленовтің айтуынша, адамдар сатып алған тауарды кейін қайтаруға ұялады.

"Батыста, өзге елдерде адамдарға тауар жай ғана ұнамай қалғандықтан кейін қайтара береді. Оған ешнәрсені түсіндіру керек емес. Ал, бізде басқаша. Сіз 14 күн ішінде кез келген тауарды кейін қайтаруға құқылысыз. Оның ішінде іш киім де, гигиеналық зат та, басқасы да бар. Егер қайтарып алмаса, сауда және интеграция министрлігіне шағым жаза аласыз", - деді Дәленов.

Министр тауарды кассадағы емес, сөредегі бағамен төлеуге кеңес берді. 

"Адамдар сөредегі баға бойынша тауар алып, кассаға барғанда "ол бұрынғы баға" деп одан қымбат бағаны айтады. Талап бойынша, сіз сөредегі бағаны төлеуіңіз керек. Ол жер сатушысы жоқ қоғамдық орын болғандықтан, сіз сөредегі баға үшін тауарды алдыңыз. Мұндайда әкімшісіне жағдайды түсіндіріп көріңіз. Сізге артық ақшаны қайтару керек", - деді Дәленов. 

Егер дүкен әкімшісі де ақшаны қайтарудан бас тартса, министрлікке шағым жазуға болады. Министр тауардың сөредегі тауар бағасын суретке түсіріп алуға кеңес берді.

stan.kz
19 маусым 2019 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031