» » "АРАЛТҰЗ" АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: "БІЗДІҢ ТҰЗ - ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІКТЕРДІҢ БІРІ»

"АРАЛТҰЗ" АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: "БІЗДІҢ ТҰЗ - ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІКТЕРДІҢ БІРІ»



Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте "Аралтұз"АҚ вице-президенті Нағашыбай Ауезханов өнім сапасы туралы айтып, онда зиянды заттардың бар екендігі туралы қауесетті жоққа шығарды.
«Аралтұз» кәсіпорнының қызметіне ешқандай қытай компаниясының қатысы жоқтығын және кәсіпорын құрылтайшысы қазақстандықтар екендігін мәлімдеді.
Қызылордада Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Байқоңыр қаласы тұрғынының "Аралтұз" кәсіпорнын Қытайлық инвесторлар сатып алып, кәсіпорын өніміне улы заттар қосылады делінген бейнежазбасына байланысты брифинг өтті. Брифингке "Аралтұз" АҚ вице-президенті Нағашыбай Ауезханов, облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Жанар Берденова және Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Байгелді Байжан қатысты.
"Аралтұз" АҚ вице-президенті Нағашыбай Ауезхановтың мәліметіне сәйкес, "Аралтұз" 90 жылдық тарихы бар кәсіпорын және оның өнімдері әрқашан жоғары сапа стандарттарына сай келеді.
"Аралтұз" - Қазақстан мен басқа да бірқатар елдерді өз өнімдерімен қамтамасыз ететін бірегей кәсіпорын. Қазір кәсіпорында 1200 астам адам жұмыс істейді. Тұзды тазалау және өңдеу бойынша барлық жұмыстар талаптарға сай жүргізіледі. Бізде өнімнің сапасын бақылауға арналған арнайы зертхана бар, сондықтан біздің тұз жоғары сапалы деп сеніммен айта аламын", - деді Н.Ауезханов.
"Аралтұз" вице-президентінің айтуынша, кәсіпорынның өнімі тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие.
"Біздің өнімдер – белгіленген стандарттарға сәйкес йодталған, ол бірнеше елге, соның ішінде Ресей, Қырғызстан мен Әзербайжанға экспортталады. Сондай-ақ, әрдайым жоғары сұранысқа ие", - деп атап өтті Н. Ауезханов.
Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Байгелді Байжан бейнеүндеудің авторы өз әрекетін мойындағанын және бейнежазба жариялауға оның көрген түсі негіз болғанын мәлімдеді.
«2019 жылдың маусым айының 16-жұлдызында сағат 10 шамасында Whats app әлеуметтік желісі арқылы Байқоңыр қаласының тұрғыны «Қытай халқының «Арал тұз» кәсіпорнын сатып алып, тұздың құрамына улы заттарды араластырып, осы қазақ халқын улап және 100 жыл ішінде қазақ халқының көзін құртып жібереді» деген мәтінде видео жариялаған. Тергеу барысында сол күні - 16 маусымда Байқоңыр қаласының тұрғыны ұсталып, анықталып, өзінің жауабында осы Whats app әлеуметтік желісіндегі видеожазбаны жариялағанын мойындап, бірақ жауабында бұл өзінің іс-әрекетін мемлекет арасында соғыс тудыру немесе халықты үкіметке қарсы қою мақсатында емес, ол түс көріп, біраз уақытқа дейін ұйықтай алмай, осы түсін халықты ескерту жөнінде міндеті деп санап бейнежазбаны жария еткен. Қалған ақпаратты ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексіне байланысты жариялай алмаймыз», - деп атап өтті облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары.
19 маусым 2019 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031