» » Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендердің саны 40-тан асты

Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендердің саны 40-тан асты



Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан жарақат алғандардың саны 40-тан асты. Зардап шеккен 19 адам Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасына түссе, тағы 23 адам түрлі жарақаттармен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZтілшісі.

Шымкент қаласындағы ауруханаға келіп түскен 19 адамның бесеуі балалар болып шықты. Жеткіншектер облыстық балалар ауруханасы жеткізілген.
Ауруханаға түскен науқастардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, төрт азамат облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оқиғадан зардап шеккен 57 жастағы азаматшаға шұғыл түрде ота жасап жатыр.

"Барлық науқастардың жағдайы мен қажетті ем алуы денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қатаң бақылауында. Бұған қоса, қалалық жедел жәрдем станциясына қарасты жедел жәрдем бригадасындағы дәрігерлер Арыс қаласына көмекке жіберілді" , -деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тағы 23 адам әртүрлі дене жарақаттарменТүркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілген.
Олардың басым бөлігі облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.




24 маусым 2019 ж. 698 0