» » Аралдықтар Арыс жұртшылығымен бірге

Аралдықтар Арыс жұртшылығымен бірге



Күні кеше Түркістан облысы, Арыс қаласында тіркелген төтенше жағдайға байланысты, «Ақтөбе-Жамбыл» облысы бағытындағы темір жол пойыздарының жол жүру кестесінде өзгерістер орын алған болатын. Осыған орай, Арал ауданына қарасты Сексеуіл вокзалына келіп тоқтаған 4 пойыз жолаушыларына қолдау көрсету шаралары үздіксіз жалғасуда.
Атап айтқанда, түнгі мезгілде Сексеуіл станциясында кідірген 98 жолаушы тамақпен қамтамасыз етіліп, жатын орындар ұсынылды. Осылайша жолаушылар жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.08 шамасында келген № 22«Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызына орналастырылды. Сондай-ақ, жолаушылар арасында жол ақысы жоқ 42 азаматқа кент тұрғындары тарапынан қаржылай көмектер жасалды.
Сонымен қатар, бүгін сағат 10.48 минут шамасында келген № 380 «Орал-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызынан барлығы 320-ға жуық жолаушылар Сексеуіл кентінің темір жол вокзалынан түсіп, №22«Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының бастапқы 8 вагонына барлығы 420 жолаушы (оның ішінде 72 балалар) жайғастырылып, сағат 12.05 шамасында «Сексеуіл-Қызылорда» бағытына жолға шықты.
Ал, № 380 «Орал-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бағыты «Сексеуіл-Жезқазған» бағытына өзгертіліп сағат 11.56 минут шамасында жөнелтілді.



https://syrboyi.kz
25 маусым 2019 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031