» » Арыстағы апат: Қазақстандықтар екі күнде 150 тонна көмек жіберген

Арыстағы апат: Қазақстандықтар екі күнде 150 тонна көмек жіберген

Жүктер Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарынан, Алматы мен Шымкент қаларынан жеткізілген.

ÐÑÑÑÑаÒÑ Ð°Ð¿Ð°Ñ: ÒазаÒÑÑандÑÒÑÐ°Ñ ÐµÐºÑ ÐºÒ¯Ð½Ð´Ðµ 150 Ñонна көмек жÑбеÑген

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта Арыс тұрғындарына қазақстандықтар жөнелткен гуманитарлық көмектің көлемі 150 тоннаны құрады, деп айтады Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов, деп жазады holanews.kz.

«Түркістан облысының әкімдігі Түркістан облыстық әлеуметтік даму корпоративтік қорының базасында Түркістан мен Шымкент ӘКК-лерін, мемлекеттік мекемелерді, «Атамекен» палатасын тарта отырып, эвакуациялық пунктерде орналасқан Арыс қаласының тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсету штабын құрды. Ауқымды қайырымдылық акциясы аясында облыс әкімдіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің, түрлі қауымдастықтардың, Қазақстаның барлық өңірлерінен қарапайым тұрғындар мен фермерлердің тарапынан 150 тоннадан астам балалар тағамы, киім-кешек, жеке гигиеналық заттар, төсек жабындылары қор қоймасына жиналды», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Әкімдік мәліметінше, жүктер Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарынан, Алматы мен Шымкент қаларынан жеткізілген. Қайырымдық көмек әлі де үлкен көлемде келіп түсіп жатыр. Штабқа 44 өтініш түсіп, оған сәйкес 50 тонна азық-түлік пен тұрмыстық заттар таратылып берілді. Гуманитарлық жүктерді қабылдау пунктері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ал, оқиға орын алғаннан бастап, жалпы көлемі Шымкенттегі Түркістан облысы штабының қоймасына 518 тонна азық түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары жеткізілген.


ERNUR.KZ
27 маусым 2019 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031