» » Анасы мен баласын құтқарып қалған: Жезқазғанда ер адам пышақ жарақатымен жан сақтау бөліміне түсті

Анасы мен баласын құтқарып қалған: Жезқазғанда ер адам пышақ жарақатымен жан сақтау бөліміне түсті

Жезқазғанда баласы бар әйелді қандықол қылмыскерден құтқарып қалған қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері пышақ жарақатын алды. Ол жазасын өтеп жүрген сотталғандарды бақылаумен айналысатын пробация қызметінің инспекторы қызметкері екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

ногаев

"11 шілдеде пробация қызметінің қызметкері Гиа Баламамедов  жұмыстан қайтып келе жатып, мас адамның әйелді және баласын ұрып-соғып жатқанын көрді. Әйел подъездегі темір есікке соғылып, құлап кеткен. Осы сәтте Баламамедов көмекке жүгірген. Әйелді құтқарып үлгергенімен, ал ҚАЖ қызметкері пышақ жарақатын алған", - деді Қазақстан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінде.

Қазір Баламамедов Жезқазған аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.

Оқыс оқиға Қарағанды облысының полиция департаментінде тіркелген, қылмыскерге қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.

Әділет капитаны Гиа Баламамадов Қарағанды облысы Жезқазған пробация қызметінің инспекторы болып табылады. Қылмыстық-атқару жүйесінде 2018 жылдың мамыр айынан бастап қызмет ететіні белгілі болды.

Stan.kz

14 шілде 2019 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031