» » 1500 метр биіктен секірген әйел аман қалды

1500 метр биіктен секірген әйел аман қалды

Канадада әйел адам парашютпен сәтсіз секіріп, аман қалды.

Оқиға Квебек қаласына жақын маңдағы Труа-Риверьеде болған. Секіру кезінде 30 жастағы әйелдің парашюті ашылмай қалған, ол қосымша парашютті ашпақшы болған, алайда ол да іске аспаған. 

Әйел орманға құлаған. Ол ағаш бұтақтарына ілініп қалып, өлімге алып келетін ауыр жарақаттардан аман қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада көптеген дене жарақаттарымен жатыр.

Біршама жері сынған. Жергілікті полиция мәліметінше, экстремал әйел парашютпен секіріп жүргеніне біраз уақыт болған. Куәгерлер оның осыншама биіктіктен құлап, аман қалуын ғажайып деп есептейді. 


kaz.tengrinews.kz

18 тамыз 2019 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (9651)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (9650)

15 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930