» » Ауыл тұрғынының 4 тонна шөбі мен 9 жылқысы өртеніп кетті

Ауыл тұрғынының 4 тонна шөбі мен 9 жылқысы өртеніп кетті

Шлактан құйылған базаның ағаш құрылымдары мен төбесі өртке оранған.

Ауыл тұрғынының 4 тонна шөбі мен 9 жылқысы өртеніп кетті

Өрт Павлодар облысының Ольгинко ауылында болды, деп жазады baq.kz.

"Кеше, 8 қазан күні сағат 16.42-де кезекшілік бөліміне №3 өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шлактан құйылған базаның ағаш құрылымдары мен төбесі өртке оранған. Сондай-ақ, тілсіз жау 180 шаршы метр аумақта орналасқан 4 тонна шөпті шарпыған", - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алапат өрт салдарынан базаның төбесі құлап, 9 бас жылқы оттың астында қалған. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына №3 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру зертханасы шықты. Сонымен қатар, ТЖД жеке құрамынан 16 адам мен 3 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 10 адам мен МТЗ-80 жұмылдырылды. Өрт сағат 19.50-де ауыздықталып, 20.15-те толығымен сөндірілді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметнше, оқыс жағдай тұрғындардың отты абайсыз қолдануынан туындаған.

09 қазан 2019 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

№93 (9569)

26 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 446

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031