» » Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар

Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кескен. Жеті адам ауруханаға жеткізілді

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар

Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен жүріп бара жатқан. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Audi көлігімен соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық көлік жарнама билборды, жол белгісі мен ағашқа соғылды.


Ал BMW айналып барып, Subaru Forester мен Toyota Carina-мен соқтығысқан. Audi көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмды. Тағы жеті адам зардап шекті: Audi көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, BMW жүргізушісі мен үш жолаушысы және Subaru жүргізушісі.




Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апатының куәгерлері BMW жүргізушісі мас болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

ernur.kz


17 қазан 2019 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 237

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930