» » Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Қайғылы жағдай тұрғындар үйді жылытпақ болғанда орын алған.

Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды


Алматы қаласының Түрксіб ауданында үш адам газдан уланып көз жұмды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қайғылы жағдай газ қондырғыларының біліксіз орнатылуынан пайда болды: Мұржасы ажыратылып, үйге газдың бір бөлігі түскен. 6 қаңтар күні кешкі сағат 6-да Алматы қаласының төтенше жағдайлар бөлімінде қаланың төменгі бөлігінде, Дегдар көшесіндегі үйде үш адамның қайтыс болғаны белгілі болды. 1950, 1960 және 1997 жылы туған үй тұрғындары жедел жәрдем келгенге дейін жан тәсілім еткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындар үйді жылытпақ болғандықтан қайғылы жағдай болды деп болжады. Біріншіден, жылыту құрылғысының өндірісінің өзі күмәнді тудырды. Екіншіден, пешке қосылған гофрленген жақсы бекітілмеген. Үшіншіден, құрылғыға қосылған түтіктің ұзындығы дұрыс болмады.


Нәтижесінде мұржа ажыратылып, газ бүкіл үйге таралып, адамдар уланып қалған деп хабарлайды Алматы қаласының ТЖД. Желдеткіш марқұмдардың өмірін құтқармады. Анықталғандай саңылауы шүберекпен бітелген.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда Құдайбердіұлы даңғылында бес адамның газдан уланғаны туралы хабарлаған едік. Олардың төртеуі бала болып шықты. Өртті сөндіру үшін жеті арнайы техникамен жеке құрамның 26 мүшесі атсалысқан.

08 қаңтар 2020 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 54

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 824

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 744

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829