» » Батыс Қазақстанда бүтін бір отбасыны қырып, үйін өртеп кетті

Батыс Қазақстанда бүтін бір отбасыны қырып, үйін өртеп кетті

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерді отбасымен қоса өлтіріп кетті. 66 жастағы бизнесменнің және әйелі мен баласының қан-жоса денесі өз үйінен табылған. Үш адамның өмірі қиылған қанды қылмысты қазір полицейлер тексеріп жатыр. Ел арасында бұл қалталы кісіге арнайы жасалған қастандық болуы мүмкін деген қауесет тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

кәсіпкер

Сұмдық оқиға түн жарымда Бәйтерек ауданы Янайкино ауылында болған. Қанды қылмыс жасалған үйде үш адамның мәйіті табылған. Қазір қайғылы жағдай болған аумақ қоршалып, тексеріс жүріп жатыр. Белгілі болғаны, марқұмның бірі жасалаған шабуыл жайында көршілерге хабар берген. Алайда ауылдастары жетіп үлгермепті.

"Сол үйдің , әйел адам қоңырау соққан. «Бізді пышақтап жатыр» деп. Сол кезде айқай естіліп, телефон қолынан түсіп кеткен. Анда-мұнда айтылып, кісілер барған. Барса, ешкім жоқ, үй өртеніп жатқан", - деді Янайкино ауылының тұрғыны Қабылболат Бисекешов.

Адамдарды өлтіргеннен кейін қаскөйлер үйді өртеп кеткен. Марқұмдардың мәйітін оттың арасынан төтеншеліктер алып шықты. Олардың денесінде өткір заттың ізі бар. Қаза тапқандар – Александр Запармедов және оның әйелі мен баласы. Ресейде тұратын 43 жастағы ұлы жақында ғана ата-анасына қыдырып келген екен. Ал 66 жастағы аймаққа белгілі кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысыпты.

"Өте беделді, ауылға сыйлы азаматтар. Ұзақ жыл  совхоз директоры, басшы болған. Халық арасында беделі бар азаматтардың бірі еді", - деді Янайкин ауылының әкімі Ауған Алмурзин.

Ел ішінде бұл қанды қылмыс зейнеткердің «кәсібімен байланысты» деген қаңқу сөз тарады. Алайда  бұл ақпаратты құзырлы орын әзірге растамай отыр. Дегенмен тәртіп сақшылары деректі ашуға «бар күшімізді саламыз» дейді.

"Қазір аталған іске қатысы бар тұлғаларды және куәгерлерді анықтау бағытында жедел тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Кеше түнде болған жағдайдан ауылдықтар әбден шошып қалған. Көбі түнімен көз ілмей шағыпты. Тұрғындар қаза тапқандарды «үлгілі отбасы» еді дейді. Тіпті отағасының тарыққанға демеу болар жомарттығы барын да айтады. Бұл жанұяға әдейі қастандық жасалды ма, әлде кездейсоқ қарақшылардың құрбаны болды ма, ол жағын құзырлы орындар анықтамақ.   


stan.kz





16 қаңтар 2020 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9582)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (9581)

11 қаңтар 2020 ж.

№1 (9580)

06 қаңтар 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 743

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 698

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031