» » Алматы облысында тілсіз жау екі бүлдіршіннің өмірін қиды

Алматы облысында тілсіз жау екі бүлдіршіннің өмірін қиды

Алматы облысында Талғар ауданында орналасқан тұрғын үй өртеніп кетті. Тілсіз жау екі бүлдіршіннің өмірін қиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, 3ақпан күні сағат 13.16-да өртке қарсы қызметтің пультіне Талғар ауданына қарасты Өстемір ауылындағы жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына 35 шақырым шалғайдан өрт сөндіру бөлімшесі келіп жеткен кезде бүкіл үй қызыл жалынға оранып жатқан.

«Сағат 14.14-те өрттің таралуы тоқтатылып, сағат 14.21-де толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 77 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін көршілер өртеніп жатқан үйден 2016 және 2017 жылдары дүниеге келген 2 баланы шығарып алған. Балалар аудандық ауруханаға барар жолда алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада. 

Отты ауыздықтауға Алматы облыстық Төтеше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылыпты.

өрт

stan.kz
04 ақпан 2020 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 54

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 824

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 744

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829