» » Телефон қуаттағышты тістеген 6 айлық нәресте өлім аузынан қалды

Телефон қуаттағышты тістеген 6 айлық нәресте өлім аузынан қалды

Бразилияда алты айлық қыз розеткаға қосылған телефонның қуаттағышын тістеп, өлім аузынан қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бала

Оқиға Бразилиядағы Мату-Гросу штатында болған. 

Бала ұйқыдан оянып, төсектің жанындағы қуаттағыш сымына жалғанған ұялы телефонмен ойнай бастаған. Ал үлкендер бұл жағдайды көрмеген. Бір уақытта нәресте оны аузына салады. Сол сәтте оны қатты тоқ ұрып, есіннен танып қалады. Үйде жарық өшеді.

Қыздың туыстары оны есінен танған күйі жақын маңдағы медициналық орталыққа жеткізеді. Онда беті мен қолын күйік шалған нәрестені дереу жан сақтау бөліміне жатқызған. Дәрігерлер тоқ соққысынан кейін тыныс жолдарында жиналған сілекейден тұншығуы мүмкін деп қорыққан. Сұйықтықты арнайы аппараттың көмегімен алып тастады.

Өміріне төнетін қауіп азайған кезде баланы қарқынды терапияға арналған ауруханаға ауыстырды. Қазір кішкентай қыз медициналық мекемеде қалып, емделіп жатыр.

Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеткен дәрігер Хелено Штробель Роза айтуынша, бала "жүрек соғысы және тыныс алу жиілігі өте төмен ауыр күйде" жеткізілген. Ол ата-аналарды осындай оқиғаларға жол бермеу үшін қырағы болуға шақырды.


stan.kz
21 ақпан 2020 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031