» » "Мәйітін мұздатқышта сақтаған": Алматы облысында жалғызбасты ана екі жасар баласын өлтіріп тастаған

"Мәйітін мұздатқышта сақтаған": Алматы облысында жалғызбасты ана екі жасар баласын өлтіріп тастаған

Алматы облысында екі жасар баланың өлімі ізін суытпай ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


5 қазанда сағат 16:00 шамасында Қаратал аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Үштөбедегі жеке үйден екі жасар баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полицияға баланың әпкесі жүгінген. Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген.

"Баланың анасы оны Талдықорғанда жалданған күтушіге бергенін мәлімдеген. Алайда әйел бірнәрсеге күдіктеніп, анасының жоқтығын пайдаланып, үйге терезеден кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Тіпті тәжірибелі полиция қызметкерлері де есеңгіреп қалды" - , деп жазады басылым.

Полиция күдіктіні іздей бастады және бірнеше сағаттан кейін өз ұлын өлтіргенін мойындаған Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан және ер адам басқа елде тұрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

stan.kz
08 қазан 2020 ж. 106 0

№91 (9670)

24 қараша 2020 ж.

№90 (9669)

21 қараша 2020 ж.

№89 (9668)

17 қараша 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031