» » Ойыншық тапаншамен дүкенді тонап кетті

Ойыншық тапаншамен дүкенді тонап кетті


Бетперде киген екі ер адам азық-түлік дүкеніне қарулы шабуыл жасады. Сатушыдан келген қоңыраудан кейін оқиға орнына келген полицейлер бұзақыларды ұстады, деп хабарлайды 
baq.kz.

Оқиға Өскемен қаласында орын алды. 102 нөмеріне дүкен сатушысынан қоңырау түскен. Беттеріне маска киіп, көзілдірік таққан екі адам дүкенге кіріп, қолдарындағы тапаншамен сатушыны қорқытып кассаға түскен 8 000 теңгені алып кетеді. Сол кезде дүкенде бір ғана сатушы болған. Зардап шегуші ұрыларды сипаттап бере алмады.
«Өскемен қаласындағы ІІД Үлбі полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері қылмыскелдерді іздеу және ұстау бағытында жедел-іздестіру кешенді шарасын жүргізді. Олар бірнеше күннен кейін ұсталды»,-ІІД өкілдері.
Ұсталғандар 25 пен 29 жастағы облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Оның біреуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, олар қолданған қару ойыншық тапанша болып шыққан.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 192-бабы, 2-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



http://ernur.kz
04 сәуір 2018 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930