» » Нұх тасқынының жұмбағы

Нұх тасқынының жұмбағы

ÐÒ±Ñ ÑаÑÒÑнÑнÑÒ£ жұмбаÒÑӘлем халықтарының аңыз әңгімелерінде Нұх заманында жер бетін су басқаны туралы деректер бар. Қазіргі күнде ғалымдар осы су тасқыны расында да болғанын ғылыми түрде дәлелдеуге тырысып жатыр. Мұхиттан мыңдап километр қашықтықта теңіз дәміндей сор көлдердің болуы Нұх тасқынының қалдықтары ретінде зерттеліп келеді.

Көптеген гипотеза бар. Мұхиттарға комета құлауынан немесе ауа-райының күрт ысуынан жер бетін су тасқыны басты дейтіндер, құрлықтың жылжуынан болды дейтіндер де бар. Бірақ, кешеге дейін нақты мәліметтер болған жоқ, болжамдар ғана болды. Жақында, “Nature” журналы сенсациялық  зерттеу нәтижелерін жариялады. “Нұх топан суы” расында да болған дейді. Ғалымдардың мәлімдеуінше, ешқандай да мұхит тасымаған, су жердің астынан шыққан. Себебі, жер астында үлкен су қоры бар. Егер Тынық мұхиты құрғап қалса, жер асты су қоры Тынық мұхиты сияқты мұхиттарды ойланбай қалпына келтіруге жетеді. Канаданың Алберта университеті ғалымдары ерекше алмасты зерттеу натижесінде осындай тоқтамға келген. Салмағы граммның оннан біріне тең алмас жер астынан 500 километр тереңдікте пайда болған. Ерекшелігі, алмас құрамында рингвудит минералының аздап кристалы бар, ол пайда болғаннан бері сол күйінде сақталған. Г.Пирсон жетекшілік еткен зерттеу нәтижесінде рингвудит минералының құрамында 1,5 пайыз су бар екендігі анықталған. Бұл әзірге жер астында су резерві барлығын білдіретін жалғыз ғана дәлел. Бірнеше жыл бұрын Вашингтон университеті сейсмология профессоры М.Вайсешин жетекшілігіндегі бірнеше ғалым жер астында үлкен мұхит бар деген пікірді алға тартқан еді. Олар жер сілкінісін анықтайтын сейсмограмма жазуларын, жер сілкінісі толқындарының жер қыртысы мен мантия қабатына қандай таралуын зерттей келе осындай тоқтамға келген. Олар шамамен 600 мың сейсмограмма жазуларын зерттеген. Жер сілкінісі толқындарының таралуы Еуразия құрлығының шығыс бөлігінде, Солтүстік Америка құрлығының астында үлкен су қоры бар екенін анықтаған. "Сейсмикалық толқындардың қатты дірілі суға келген кезде шайқалады", – дейді профессор. Бұдан бұрын Англияның Манчестер университетінің ғалымдары да 1500 километр тереңдіктен шығып жатқан карбонат қышқылының құрамынан теңіз суы іздерін тапқанда да таңданыстарын жасыра алмаған. "Су жер астында қалай пайда болды?" деген сұрақ туындауы сөзсіз. Бәлкім су жер астында Жер ғаламшары пайда болғаннан бар шығар. Бұл әлі болжам ғана. Юпитердің Еуропа атты алтыншы серігінің ортасында су болған. Болжамдарға қарағанда жер асты суы анда-санда жер бетіне шығып тұрады. Ғылыми тілмен айтқанда жер гидросферасы қозғалады. Бәлкім жер қыртысы мен мантия қабатында өзгерістерден болуы да мүмкін. Жер астында түйнектер болады. Сол түйнектерден су 400 градуста жоғарыға қысыммен атылып шығады. Ерте заманда жер асты суы осылай атылып шығып, соның әсерінен мұхиттар тасып, жер бетін топан су  басуы да әбден мүмкін.
massaget.kz

19 сәуір 2018 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30