» » Алматыда екі автобус соқтығысып қалып, жолаушылар ауруханаға түсті

Алматыда екі автобус соқтығысып қалып, жолаушылар ауруханаға түсті


Алматы қаласында Абая Достық көшелерінің қиылысында екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Қаланың қақ ортасында орын алған жол-көлік апатынан 20-ға жуық адам зардап шегіп, медициналық көмек алды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Оқиға 22 шілде күні таңертең Абай және Достық көшелерінің қиылысында болды. Жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнында он жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсеткен.
Қалалық клиникаларға әртүрлі жарақаттармен 18 науқас дәрігерге жүгінген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде көлік апатынан зардап кеккен төрт адам ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, медициналық көмек алғандардың арасында үш бала болды. Алайда, олардың ата-аналары балаларын ауруханаға жатқызудан бас тартты, сондықтан олар тұрғылықты жеріндегі амбулаториялық бақылауға жіберілді.
Stan.kz
22 шілде 2018 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930