» » Күні кеше құлаған зымыранның бөлшектері Жезқазғаннан табылды (фото)

Күні кеше құлаған зымыранның бөлшектері Жезқазғаннан табылды (фото)

ФоÑо:Sputnik / ÐлекÑей Филиппов, Риа ÐовоÑÑи

Күні кеше апатқа ұшыраған "Союз" ғарыш кемесінің қалдықтары Жезқазған маңынан табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазіргі мәліметтер бойынша, ғарыш кемесінің алдыңғы бөлігі табылған.
"Роскосмос" мамандары фрагментті одан әрі зерттеу үшін алып кеткен.
ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті бөлшек құлаған маңда радиоактивті және химиялық жағдайлардың қалыпты екенін жеткізді.
Ал ғарыш кемесінің басқа бөліктерінің қайда құлағаны белгісіз. Мамандар Қызылорда облысының аймағын тексеріп шыққан.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар комитеті осымен өздерінің жұмыстары аяқталғанын, іздеуді енді Ресей мемлекеті өз қолына алатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 11 қазанда Байқоңырдан ұшырылған "Союз" кемесі әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшыраған еді. Кейін экипаж мүшелері, ғарышкерлер Алексей Овчинин мен америкалық Ник Хейг байланысқа шығып, жағдайларын жақсы екеін жеткізген.


https://kaz.nur.kz
12 қазан 2018 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9544)

30 тамыз 2019 ж.

№67 (9543)

27 тамыз 2019 ж.

№66 (9542)

24 тамыз 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30