» » Жыландар ордасында 40 сағат жатқан

Жыландар ордасында 40 сағат жатқан



АҚШ-тың Аризона штатында жыландарға толы қараусыз шахтаға түсіп кеткен 62 жастағы ер адам құтқарылды деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 
Джон Уодделл қолдан жасалған құрылғы арқылы шахтаның ішіне түспек болған. 15 қазан күні ер адам арқанмен түсе бастапты. Жерге дейін шамамен 15 метр қалғанда карабин сынып кетіп, Джон биіктен шахта түбіне құлаған.
Құлау кезінде Уордделдің екі аяғы бірнеше жерден сынып, ол сусыз, тамақсыз және ұялы байланыссыз қалған. Жоғарғы жақтан біреу оның айғайын да ести алмас еді, себебі ең жақын жол шахтадан бес шақырым жерден өтетін болған.
Шахтада тұратын жыландар жаңа келген қонаққа риза болмаған тәрізді. Төменде өткізген 40 сағатта ол үш жылан өлтірген деп жазады WSRZ.
Уодделді көршісі Терри Шрейдер құтқарыпты. Көршісі үйіне сейсенбі күні оралмаса, көмекке келуге тиіс болған екен. Сәрсенбі күні Шрейдер шахтаға келген.
"Көлігімді тоқтатқанда оның "Көмектесіңдер! Көмектесіңдер!" деген айғайын естідім",- деді Шрейдер. Ол дереу құтқару қызметіне хабарласқан. Алдымен шахта түбіне рация тастап, содан кейін құтқарушы түскен.
Уодделді жоғарыға көтеру үшін алты сағат қажет болған. Ол ауруханаға жеткізілді.
24 қазан 2018 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 221

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930