» » Ақырындап жақындай берді: Есік көліне қыдырып барған алматылық отбасы қасқырды жолықтырған (видео)

Ақырындап жақындай берді: Есік көліне қыдырып барған алматылық отбасы қасқырды жолықтырған (видео)

ÐÑÑк көлÑне ÒÑдÑÑÑп баÑÒан алмаÑÑлÑÒ Ð¾ÑбаÑÑ ÒаÑÒÑÑÐ´Ñ Ð¶Ð¾Ð»ÑÒÑÑÑÒан (видео)

Алматылық отбасы Есік көліне барған кезде қасқырды жолықтырған. Олар сол кезде бастан кешірген қорқынышты сәт туралы отағасы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Оқиға өткен жексенбі, 18 қарашада, орын алған. Алматылық отбасы демалысын таза ауада өткізбек болып, Есік көліне барыпты.
«Балалар мұз ойығына түсіп кетпес үшін, оларға қарап жүрдім. Бір кезде «иттің» бізге қарай  ақырындап жүріп келе жатқанын байқадым. Ештеңе болмағандай балаларға қарауды жалғастыра бердім. Алайда «иттің» бізге одан сайын жақындап келе жатқанын көрдім. Сонда ғана жұбайыма бізге қарай ит келе жатқанын айттым. Арада бірнеше секунд өткеннен кейін ол: «Бұл қасқыр!» – деп айқайлап жіберді (әйелім бекерге мал дәрігері емес қой)», – деп жазды Жомарт Жүнісбеков Instagram-парақшасында.
Сонымен қатар ол жыртқышпен бетпе-бет келген отбасы қатты шошығанын айтты.
Ер адамның сөзінше, олар қасқырды суық көзқараспен және тастармен қорқытуға тырысқан. Абырой болғанда, қасқыр ешкімге тиіспеген.
«Балалар мұндай оқиға үшін риза. Ал біз қайран қалдық», – дейді отағасы.

Stan.kz


21 қараша 2018 ж. 952 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (9590)

11 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 815

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 737

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829