» » Ер адам жұбайын өлтіріп, 7 ай көлемінде марқұмның өмірімен өмір сүрген

Ер адам жұбайын өлтіріп, 7 ай көлемінде марқұмның өмірімен өмір сүрген



Индияда ер адам әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін 7 ай көлемінде марқұмның атынан әлеуметтік желіні жүргізген. Бұл туралы Mirror Now News порталына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Маусым айының басында Уттар-Прадеш штатындағы Горакхпур қаласының тұрғыны Рахи Шривастава өз күйеуімен бірге Непалға аттанған. Үйлену тойының құрметіне ұйымдастырылған саяхаттан қайтып келмеген. Жоғалып кеткен әйелдің туысқандары алаңдап, ай соңында полицияға арыз береді. Әлгі әйелдің жоғалып кетсе де әлеуметтік желімен пайдалануы тергеушілердің түсініспеушілігін тудыртады. Оның парақшаларында жаңа жазбалар шығып тұрды.
Бастапқыда полиция әйелдің күйеуін күдіктеді. Қазан айында тәртіп сақшылары Шриваставаның телефонын тауып алып, қылмысты оның бұрынғы күйеуі, танымал хирург Дхармендра Пратап Сингхтың жасағанын анықтады. Телефон— хирургтың қылмысын дәлелдеген басты айғақ. Ерлі зайыптылар Непалда жүргенде, қылмыскерде сол қалада болған.
Индияның полициясы непалдық әріптестерімен байланысқан. Сол кезде олар маусым айы кезінде бір әйелдің денесін тауып алғанын айтқан. Ол әйел Шривастава болып шықты.
21 қараша күні хирург Сингх екі сыбайласымен бірге тұтқындалды. Ол полицейлерге әйелімен кездесіп, оған дәрі қосылған коктейль бергенін, сосын жардан лақтырғанын айтып берді. Сингх Шриваставаның телефонын алып, бірнеше ай бойы бұрынғы әйелінің атынан Facebook желісіндегі парақшасын жүргізіп отырған.
Ер адамның айтуы бойынша, ол әйелін қоқан-лоққы көрсеткені үшін, ақша мен мүлікті талап еткені үшін өлтірген.
 
Stan.kz


27 желтоқсан 2018 ж. 165 2

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 17:42
Cialis Vancouver Levothroid 200 Cheap No Rx viagra online prescription Propecia Success Stories Hair Loss Cialis 20mg En Ligne

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 19:21
Priligy Taiwan cialis dapoxetine overnight shipping Obtenez Dapoxetine Online No Prescription 100mg Viagra Best Price 24 Pharmacy Canadian