» » Қызылордада өрттен үш бүлдіршін көз жұмды

Қызылордада өрттен үш бүлдіршін көз жұмды

ÐÓ©ÑÐ½ÐµÐºÑ ÑоÑо: news.bigmir.net

Қызылордада үш бүлдіршін өрт салдарынан газға уланып, көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға Қызылордадағы "Наурыз" саяжай теліміндегі тұрғын үйлердің бірінде өткен түнде орын алған.
Комитеттің хабарлауынша, үйдегі жиһаздар өртеніп, жалын төбедегі қабырғаға бір-ақ жетіпті. Араға 25 минут салып өрт сөндірушілер отты өшіріп, үйден газ баллонды алып шыққан.

Өртпен күресушілер келгенше үйден 8, 7 және 5 жасар үш бала шығарылған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оларды құтқара алмапты.

Артынша марқұм сәбилерге туыс болып келетін бірнеше адам да медициналық көмекке жүгінген.


NUR.KZ
10 қаңтар 2019 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9405)

16 сәуір 2019 ж.

№28 (9504)

13 сәуір 2019 ж.

№27 (9503)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930