» » Төрт адам ауруханада, 7 пәтер зардап шекті: Алматыда жылу магистралі жарылды

Төрт адам ауруханада, 7 пәтер зардап шекті: Алматыда жылу магистралі жарылды

Бүгін таңертең Алматыдағы Пушкин көшесінде жылу магистралі жарылып кетті. Қаланың коммуналдық қызметтері қираудың салдарларын жойып жатыр деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" ЖШС-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ФоÑо: NUR.KZ

Жарылыс 10 сәуір күні сағат таңғы 4:14-те Төле би көшесінің оңтүстік бөлігінде болған. Компания ақпаратына сәйкес, жаралыс себебі 1993 жылдан бері пайдаланылған құбырдың тозуы болған.

Оқиға салдарынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Одан бөлек, жарылыс маңындағы жеті пәтер мен сегіз автокөлікке зақым келді.

Енді жәбірленушілер кәсіпорыннан өтемақы алатын болады.

Ал қалыпқа келтіру жұмыстары сағат 16:00-де аяқталады.

KAZ.NUR.KZ.
10 сәуір 2019 ж. 109 0