» » "Тәжірибелі басшы": Президент Көшербаевты жаңа ұжымына таныстырды

"Тәжірибелі басшы": Президент Көшербаевты жаңа ұжымына таныстырды


Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларға Президент әкімшілігінің жаңа басшысы Қырымбек Көшербаевты таныстырды деп хабарлайды Ақорда.

"Қырымбек Елеуұлын бәріңіз жақсы білесіздер. Ол елімізге белгілі, танымал азамат. Қырымбек Елеуұлы – түрлі басқару орталықтарында жауапты қызмет атқарған тәжірибелі басшы. Мемлекетіміздің даму жағдайын жақсы біледі. Тапсырылған жұмыстардың бәрін жоғары деңгейде атқарады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Президент әкімшілігінің халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оның қызметінің негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

"Біз сайлауалды тұғырнаманың іс-қимылдар жоспары мен басқа да маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Президент әкімшілігі барлық бастамалардың, бағдарламалар мен стратегиялардың мүлтіксіз орындалуына жауап беретініне көңіл аударғым келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


https://kaz.nur.kz
30 маусым 2019 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 509

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031