» » "Тиісіп қоямын": Әбдірахымов іші шығып кеткен шенеуніктер жайлы ойын айтты

"Тиісіп қоямын": Әбдірахымов іші шығып кеткен шенеуніктер жайлы ойын айтты



Шымкенттіктер "Ордабасы" футбол клубының грузиялық "Торпедоны" жеңгенін асыр салып тойлауда. Кездесу 1:0 есебімен алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды. Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдірахымов та барша жанкүйерлермен бірге матч тамашалап, туған командасына қолдау білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

NUR.KZ тілшісі матч үзілісі кезінде Әбдірахымовтың өзімен жеке тілдесіп, бірнеше сұрақ қойып үлгерді.

Әкім берген эксклюзивті сұхбатында футболдан тыс та басқа сауалдарға жауап берді.

Ойын кезінде Әбдірахымовтың қасына жету қиынға соқты. Шымкент басшысын үзіліс кезінде бір топ жанкүйерлер қоршап, онымен суретке түсу үшін кезекке тұрып алған.

Ал үлгермегендер "Біздің әкім жарады", "Жеңіс біздікі болады" деп айқайлады.

Ең алдымен біз әкімнің футболға деген махаббаты туралы сұрадық.

"Мен бүгін өзімнің Instagram парақшамда ойын болатынын жазған болатынмын. Бәрін қолдау білдіруге шақырдым. Стадион лық толы. Барлығы тек жеңісті қалайды. Ел риза" , - деді Әбдірахымов.

Шаһар әкімінің ойынша, Шымкент әкімдігінің қызметкерлері бірінен бірі асып түсер нағыз спорт шеберлеріӘкімнің өзі қоластындағылардың спортпен ғана шұғылданып қоймай, өз-өзіне қарап жүргенін жіті қадағалайды екен.

"Әкімдіктің көптеген қызметкерлері, менің орынбасарларым мен басқа да әріптестерімнің бәрі жас. Орташа есеппен 30-40 жаста көбісі. Олардың барлығы шымыр.

Айта кетерлігі, олардың арасынан іші шығып кеткендерді көрмейсіз де. Кейде мен спортзалға баруға ашық түрде кеңес беремін.

Ал егер біреуден іші шығып бара жатқанын көріп қалсам, қалжыңдап тиісіп қоямын. "Мына ішің не? Қане алып таста, спорт дегеніміз күш" деп айтамын" , - деді қала басшысы.

Оған қоса, үшінші мегаполис әкімі өзі қай спорт түрлерімен шұғылданатынын айтып берді.

"Мен күнделікті фитнеске барамын. Салмағым 90 келі. Мен бұлшық еттерімді шынықтырамын және денемді кергенді ұнатамын" , - деді Әбдірахымов.

Шымкент әкімі шымқалада қыздарды ұрламайтыны туралы айтқан сөзіне пікір білдірді.

"Мен шыны керек бұл роликтерді бірнеше сайттардан көріп қалдым. Күлімсіредім. Соңғы кездері негативті нәрсе көп болып кетті. Кейде қалжыңдап, позитивті болу керек" , - деді ол.

Әңгімеден кейін екінші таймның басталғаны туралы дабыл қағылды. Шымкент басшысы жанкүйерлердің жанына қарай бірден асықты.

Бұл сәтте алаң қожайындары жеңіс голын соқты. Қажымұқан стадионда нағыз мейрам орын алды. Өз қуанышын Шымкент әкімі жасырмады.




12 шілде 2019 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9552)

28 қыркүйек 2019 ж.

№75 (9551)

24 қыркүйек 2019 ж.

№74 (9550)

21 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031