» » "Қауіптенуге еш негіз жоқ": Тоқаев қауіпсіздік сертификатын тестілеуді аяқтаған ҰҚК-ге алғыс айтты

"Қауіптенуге еш негіз жоқ": Тоқаев қауіпсіздік сертификатын тестілеуді аяқтаған ҰҚК-ге алғыс айтты



Бұған дейін Қазақстан ҰҚК-ның қауіпсіздік сертификатын тестілеуді аяқтағаны белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы өзінің Twitter-аккаунтында тестілеу өзінің тапсырмасы бойынша "Киберқалқан" бағдарламасы аясында жүргізілгенін атап өтті.

"ҚР ақпарат кеңістігі қауіпсіздігі және сертификатты сырттан қауіп төнген жағдайда ғана қолдану мүмкіндігі дәлелденді. Интернет қолданушыларға қолайсыздық жоқ. ҰҚК алғыс білдіремін", - деп жазды Тоқаев.

Сонымен қатар президент қауіптенуге еш негіз жоқ екенін де атап өтті.

"Киберқалқан бағдарламасы б-ша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысы- ҚР интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ", - дейді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, мәселе Нұр-Сұлтан тұрғындары өздерінің ұялы операторларынан қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттілігі туралы хабарлама алғаннан кейін көтерілді.
ҰҚК аталған сертификаттың жұмысын тексеріп, ұлттық қауіпсіздікке қаупі төнген кезде мемлекет тұрғындарын алдын ала хабардар ете отырып, кибер және ақпараттық шабуылдар түрінде қолданылатын болады.
Сондай-ақ ведомствода жақын арада бағдарламаны орнатып үлгерген қазақстандықтардың жеке құрылғыларынан бағдарламаны өшірудің нұсқаулығын жариялайтынын хабарлады.




07 тамыз 2019 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031