» » "Әңгіме халыққа ұнағанда емес, істі соңына дейін жеткізу керек": Саясаттанушылар Тоқаевтың тұңғыш жолдауы туралы

"Әңгіме халыққа ұнағанда емес, істі соңына дейін жеткізу керек": Саясаттанушылар Тоқаевтың тұңғыш жолдауы туралы

доÑ

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш рет Халыққа жолдауын жариялады. Жолдауында халық көкейінде көң боп қатқан өзекті мәселелердің жауабын айтқандай болды. Бұл жолғы Жолдаудың ерекшелігі неде? Маңызы мен салмағы қандай? Stan.kz тілшісі саясаттаушыларға хабарласып сұрап көрді. 

Саясаттанушы Ерлан Саиров: 
Президент келесі мәжіліс және мәслихат сайлауы біздің елімізді нақты көппартиялы жасаудың сара жолы болу керек деп жатыр. Бұл  - құптарлық нәрсе. Қоғамдық саяси процесстер болып жатыр. Көптеген жаңашылдық бар. Мысалы, әлеуметтік салада айтылған ең негізгі мәселе ана мен баланы қорғау. Сонымен қатар балаларға деген зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұрған кезеңде осы қылмыс түріне байланысты заңды қатайтуға нақты тапсырма берілді. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Адам дамуы индексінің алғышарты деп айтуға болады. Болашаққа деген белгілі бір үміт бар. Бұл реформаладың бәрі  - қоғаммен диалог жасайтын адамның, халықтың игілігі үшін еңбек ететін мемлекеттің нобайының пайда болуының көрінісі.



Белгілі саясаттанушы Дос Көшім: 
Мен көз салатын екі тақырып: Бірі саяси реформа, оның ішінде сайлау туралы реформа, саяси көппартиялы жүйені жасау жоспары. Әлі толықтай қарап үлгермеген соң, не бар, не жоғын айта алмай отырмын. Екінші, мәселе ұлттық мәселе. Мемлекеттік тіл туралы заңды міндетті түрде қайта жазып шығуы, оралмандар мәселесі, сырттан (Ресейден) келіп жатқан ақпарат ағынын шектеу мәселесі. Идеологиямызды қорғау. Сонымен қатар, ұлттық мәселе мен саяси демократия мәселесі мені толғандыратыны. 
Бейбіт митингке рұқсат беру деген Конституцияда бар мәселе. Оған рұқсатты президент бермейді, Конституцияда бар.



Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары, Гарвард университетінің түлегі Шыңғыс Мұқан:
Жақсы бағытқа қадам басты деп ойлаймын. Президент болған соңғы 5 ай ішіндегі ең тұшымды, әсері ұзаққа созылатын жолдау болды деп ойлаймын. Айтылған бастамалардың көбімен келісемін, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту керек деген ойымен. Әрине, бұл іс ойластырып жасалу керек. Шынында олардың саны көп па?
Қазір мемлекеттік қызметкерлер сенбі күні де жұмыс істеуге мәжбүр. Күні кешегі дейін түнге дейін қызмет жасап жүрді. Рейд жасап зорға дегенде тоқтатты. Бірақ содан кейін де алтыдан кейін қайтіп жүрген шенеунік көрмедім. Шынымен олардың жұмысы көп пе әлде тиімсіз бе? Осының шешімі тек қысқарту ма әлде шынында да тиімділігін арттыратын зерттеулер жасалып, соның негізінде қабылданған шешім ба? Ол жөнінде бірдеңе айту қиын. Бірақ кез-келген өзгеріс жақсы қадамдарға түрткі болады. 
Бұл жердегі жарлықтар халыққа ұнайтын мәлімдемелер. Шетелдік көзқараспен қарасақ, популистік мәлімдемелер. Бірақ әңгіме халыққа ұнағанда емес, істі соңына дейін жеткізу керек. Оның ішінде көкейтесті мәселе қазақ тіліне қатысты болды деп ойламын.



Кемінде халықтың жартысының көңілінен шыққан мәлімдеме. Бірақ оның барлығы бір мәлімдемемен шешілетін болса, онда ол жақсы. Бірақ 30 жылдан бері айтылып келе жатқан әңгіме. Елбасы да "қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деп айтып келе жатыр. Айтылғаннан мәселе шешілмейді. Енді осыны тек мәлімдеме күйінде қалдырып қоймай шынында да қазақ тілін этносаралық тілге айналдыру. Бұл айтылған нәрселер құмға сіңген судай боп қала ма? Әңгіме осында. 
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тек сырт бейнесін ғана өзгертіп қою олардың абыройын өзгертеді деп айта алмаймын. Олардың сана-сезімін, ішін өзгерту керек. Осы айтылған мәлімдемелердің жүзеге асуы президенттің болашақтағы абыройын арттырады. Үлкен-үлкен мәлімдемелердің артында нақты-нақты істер болмаса және ол істер өзінің тиімділігін көрсетпесе, онда президенттің халық алдындағы абыройы азая бастайды. Халық берген сенім азая береді. 
 
Дайындаған: Жанна Мәлік
stan.kz

03 қыркүйек 2019 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30