» » Қазақстан бақытты елдер қатарында 60-орында: Депутаттар мен министрлер бақытты қалай түсінеді

Қазақстан бақытты елдер қатарында 60-орында: Депутаттар мен министрлер бақытты қалай түсінеді

ÒазаÒÑÑан баÒÑÑÑÑ ÐµÐ»Ð´ÐµÑ ÒаÑаÑÑнда 60-оÑÑнда: ÐепÑÑаÑÑÐ°Ñ Ð¼ÐµÐ½ миниÑÑÑÐ»ÐµÑ Ð±Ð°ÒÑÑÑÑ Òалай ÑÒ¯ÑÑнедÑ

Финляндия мен Гондурас халқы бізден бақытты. Халықаралық ұйым сарапшылары жүргізген рейтинг осыны көрсетіпті. Ranking.kz порталында жарияланған бақытты елдер тізімін біз де шолып шықтық. Бақытты кім қалай түсінеді және өзін бақытты санайды ма деген сауалнама жүргізіп көрдік. Қарапайым тұрғындар, министр, депутаттар жауап берді.

Бақыт деген не өзі деп бастады топ таласты. Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Талас демейік, жұрт арасында сұрау жүргіздік дегені дұрыс шығар. Мұқағали өлеңіндегідей жауап сан түрлі шықпады. Тек жеткізу мәнерінде ғана айырмашылық таптық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.
"Бақыт менің ойымша ақша емес. Бақыт деген тыныш өмір ғой. Жақын адамдарың, өзіңнің қасында болса. Бақыттымын Құдайға шүкір!".
"Өмір. Өмірдің өзі бақыт әкеледі".
"Байлық ол өтеді де кетеді. Бақыт ол басқа. Бақыт ұшып та кетеді. Артта қалатын із бала қалдыру керек дейді ғой. Еңбек қылып жатырмыз. Өзімізге жараса, бақыттымыз".
"Жақсы өмір сүру ғой, толыққанды өмір сүру.  Бай өмір сүру ме әлде рухани жағын айтып тұрсыз ба? Рухани байлық күшті бәрінен. Келешегі бар". 
Көшеде серуен құрған қарапайым тұрғындардың айтар жауабы осы. Үкімет мүшелерін де сөзге тартып көріп едік. Жауапты ауыл шаруашылығы министрі алды.
"Күнделікті елімізде тыныш болып, отбасымызда жақсылық болып, өзімнің сүйікті жұмысымды атқарып, халыққа пайдам тиіп жатса, соның өзі мен үшін бақыт", - дейді Сапархан Омаров.
"Ел бақытты өмір сүрсін" деп заң қабылдауға сайланған депутаттар да сауалнамаға қатысты. Еліміз де, өзіміз де бақыттымыз дейді.
"Құдайға шүкір, ашық аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман. Соның ішінде әрқайсымыз бұйырғанды тауып, қызмет етіп өмір сүріп жатырмыз. Мен ойлаймын, біздің қазақстандықтардың өмірі негізінен жақсы", - деді депутат Әли Бектаев.
"Құдайға шүкір. Ең бастысы еліміздің ең басты байлығы, әрбір адам байлықты түрлі ғып, елестетеді. Мүмкін, ол - ақша, мансап, байлық. Ең үлкен байлық - еліміздегі бейбітшілік", - деді Геннадий Шиповских.
Сұрауға қатысқан тұрғындар да, министр де, депутаттар да бақытты. Бірақ халықаралық зерттеушілер басқа дерек келтіруде. Әлемдегі ең бақытты елдер кәрі құрлықта. 156 мемлекеттің ішінде 60-орындамыз.
Халықаралық зерттеу жобасының нәтижелері бойынша бақыт деңгейі жөнінен бірінші орында Финляндия тұр. Екінші Дания, үшінші Норвегия, 4-Исландия және бесінші орынға Нидерланды тұрақтаған. Қазақстан 60-орында. Біздің алдымызда Гондурас, бізден кейінгі орынды Боливияға беріпті. Рейтинг жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, өмір ұзақтығы, азаматтық бостандық, жұмыспен қамту, жемқорлық деңгейі сияқты бірнеше көрсеткіштер бойынша шығарылды.
Әлемдік рейтингте 60-болсақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында топ бастап тұр екенбіз. Ресей, Қырғызстан, Армения сияқты әріптестеріміз артта қалып қойса керек. Статистика адамның ішкі жан-дүниесін ақтарып көрсетпейді ғой деп жұбаттық бір жағынан. Екінші жағынан, сұрауға қатысқандар рейтинг жүргізген ұйымның критерилері бойынша емес, дәл қазіргі сезімімен жауап қатқанын ескерейік.

stan.kz

25 қыркүйек 2019 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031