» » Тоқаев қызметкерлерінің жемқорлығына жауапты министрлер туралы заңға қол қойды

Тоқаев қызметкерлерінің жемқорлығына жауапты министрлер туралы заңға қол қойды

Тоқаев жемқорлыққа жауапты министрлер туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу» туралы заңға қол қойды. Заң мәтіні баспада басылып шығады», - деп хабарланды Ақорда сайтында.
Түзетулерде жетекшінің жеке басына қатысты жауапкершілігі, оның ішінде қол астындағы қызметкері жемқорлық жасаған жағдайда минстрлер мен әкімдерге қатысты ережелер қамтылған. 
«Егер біз жемқорлықты жойғымыз келсе, менің түсінігімде, өз қызметкерлері жемқорлық жасаса, мемлекеттік органдардың басшылары өз еркімен отставкаға кетуі қажет. Отставканы қабылдау не қабылдамау – Мемлекет басшысының құзыреті, бірақ отставкаға өтініш беру міндетті шара», - деді Президент.
 

stan.kz

28 қараша 2019 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 485

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031