» » Назарбаев "Путин дәуірінің" басы жайлы сөз қозғады

Назарбаев "Путин дәуірінің" басы жайлы сөз қозғады

Ондай да болады: Назарбаев отставкадан кейін президенттікке қайта оралғандар туралы айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "РИА Новости" тілшісіне берген сұқбатында Ресейдің мемлекет басшысы туралы өз пікірін білдіріп, "Путин дәуірінің" басталуы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаевтің сөзінше, Владимир Путин оның алдында белгілі болған Ресейдің ешбір саясаткеріне ұқсамайды. Елбасы 20 жыл бұрын Путинді алғашқы рет көргенде Ресей президенті оған білімді, қуатты әрі кез келген сұрақты шеше алатын көшбасшы ретінде танылған. 
"Жас саясаткер сол кездің өзінде де алдындағы мәселеден қашпай, оған төтеп бере алатын адам ретінде көрінді", - деді Назарбаев.
Бұған қоса ол Ресей халқы президент таңдауда жолы болғандығын сөз етті. Назарбаевтің айтуынша, 20 жыл бұрын "Путиннің дәуірі" басталатындығын ешкімнің ойына тұрмақ, түсіне де кірмепті. Сонымен қатар елбасы Ресей Путиннің басқаруымен тағы бір ірі державаға айналатындығын атап өтті. 
"Дегенмен біз болашақты бағдарлай алмаймыз. Сол себепті "Путин дәуірін" алдағы уақыттағы жағдайы туралы былай болады деп кесіп айтуға да болмайды", - деп қосты елбасы. 
 
Бұған дейін Назарбаевтің Санкт-Петербургке ұшып келгендігі жайлы айтылған еді. 


stan.kz

26 желтоқсан 2019 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9584)

21 қаңтар 2020 ж.

№4 (9583)

18 қаңтар 2020 ж.

№3 (9582)

14 қаңтар 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 758

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031