» » АҚШ Қазақстанға ұшақпен гуманитарлық көмек жіберді (фото)

АҚШ Қазақстанға ұшақпен гуманитарлық көмек жіберді (фото)

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға ұшақ арқылы гуманитарлық көмек жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Америкадан гуманитарлық жүк 13 наурыз күні еліміздің аумағына келді. Хабарламада айтылғандай, жүк тиелген ұшақты USAID және ДДҰ өкілдері қарсы алды.

Америкадан Қазақстанға жеке қорғаныс құралдары әкелінді.


Айта кетейік, бүгін, 14 наурыз таңертең Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелмегенін мәлімдеді.
Қауіпті инфекция жұқтырған төрт адам да 13 наурыз күні анықталған болатын.
Олардың үшеуі Алматы қаласында болса, біреуі Нұр-Сұлтанда. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында жатыр.
Әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған алты адам тіркелді. Олардың төртеуі - Алматы қаласында болса, екеуі-Нұр-Сұлтан қаласында.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бір бортта болған 14 азаматтың қай өңірлерге тарап кеткенін баяндады.

15 наурыз 2020 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930