» » Асхат Аймағамбетов: Енді әкімдер білім беру бөлімдеріне басшылық ете алмайды

Асхат Аймағамбетов: Енді әкімдер білім беру бөлімдеріне басшылық ете алмайды

Министр Аймағамбетов: Оқушыларды емес, әуелі оқулықты шығарушылардың өзін оқыту керек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық мектептер мен балабақшалар 2021 жылдан бастап қала және аудан әкімдеріне бағынбайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2021 жылдан бастап аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына беріледі, яғни әр мектеп пен балабақшаның мәселелері облыстың бақылауында болады. Бұл – жалпы білім беру саласы үшін өте маңызды қадам", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында министр.
Оның сөзіне қарағанда, ауылдағы мектепке жөндеу жұмыстары қажет болса, мектеп директоры аудандық білім бөліміне жүгінеді. Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы аудан әкіміне емес, бірден облыстық білім басқармасына өтініш жібереді.
Министр қазір аудандық және қалалық білім бөлімдері (яғни мектептер мен балабақшалар) аудан әкіміне қарайтынын еске салды.
"Сәйкесінше, қаржыландыру мәселесі сол аудан мен қаланың мүмкіндіктеріне (бюджетіне) тікелей байланысты. Мұндай өзгерістер білім және ғылым министрлігінен әр мектеп пен балабақшаға дейінгі "жолды" қысқартуға жағдай жасайды", - деп жазды Аймағамбетов.
"Мысалы, бір ғана Қостанай облысында жиырмаға жуық аудан мен қала бар, яғни, 20 әкім жұмыс істейді. Білім бөлімдерінің облыстық білім басқармаларына берілуі шешім қабылдау орталығының да 20-ға қысқаратынын білдіреді. Бастысы, жаңа өзгерістер білім беру ұйымдарындағы жағдайды теңестіруге мүмкіндік береді", - деп санайды ол.
БҒМ басшысының пікірінше, қаржыландыру деңгейі мен басқару тәсілдерінің әртүрлі болуы мектептерді жылыту маусымына дайындау, оқулықтармен, компьютерлермен қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына да әсер етеді
"Білім саласындағы мұндай басқару жүйесі кері байланысқа, білім саласындағы саясаттың тиімді имплементациясына кедергі келтіреді. Нәтижесінде қаржыландыру бойынша, жөндеу жұмыстарына, кадрлық мәселелерге қатысты теңсіздіктер орын алады. Ашық айту қажет, қазіргі уақытта аудан мен қала әкімдіктеріне бағынатын мектептер мен балабақшаларға білім басқарламалары іс жүзінде әсер ете алмайды.
Басқармалардың құзыретінде колледждер, дарынды және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 5-10 мектеп, балалар үйі, ПМПК бар. Енді мектептер мен балабақшалар бір орталықтан басқарылса, қаржыландыруды теңестіру және арттыру проблемалары кешенді түрде шешілетін болады. Бұл – жақын арада білім беру жүйесін әлдеқайда тиімді етуге негіз болатын қажет шешім", - деді министр.
Аймағамбетов білім бөлімдерінің басшыларын аудан және қала әкімдері емес, облыстық білім басқармасының басшысы тағайындайды деп атап өтті.
"БҒМ талаптарына сәйкес олар іс-тәжірибелік және функционалдық дағдылары бар кадрлар, білім беру жүйесінде төменгі басшылық лауазымдарда жақсы тәжірибе жинаған мамандар болуы тиіс. Соңғы жылдары бұл лауазымдарға білім саласына қатысы жоқ адамдарды тағайындау фактілері жиі кездесті, оған жол бермеуіміз керек", - деп жазды министр.

19 шілде 2020 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31