» » Министрліктердегі жауапты хатшылар қысқартылады

Министрліктердегі жауапты хатшылар қысқартылады

Министрліктердегі жауапты хатшылар қысқартылады. Бүл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.

«Жауапты хатшылар институтына тоқталғым келеді. Осы институтты енгізген кезде олардың ауыспалы болмауы министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстан босатады, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп қарастырылған әдіс жүзінде олай болмады», – деді Президент.

Сонымен қатар министрлер мен жауапты хатшылар арасында өзара түсіністіктің болмауы жағдайлары орын алатынын атап өтті.

«Нәтижесінде, ортақ іске нұқсан келтіріледі. Сұрау бір адамнан болуы керек, яғни Президент тағайындаған министр жауапты болуы тиіс. Сондықтан жауапты хатшылар институтын қысқарту керек. Олардың міндетін министрліктердің аппарат басшыларына жүктеу қажет. Жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға жыл соңына дейін түзетулер пакетін қабылдауды тапсырамын», – деді Тоқаев.

kyzylorda-news.kz

01 қыркүйек 2020 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9654)

29 қыркүйек 2020 ж.

№74 (9653)

26 қыркүйек 2020 ж.

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930