» » Владимир Путин өзіне қойылған сұраққа Назарбаевтың сөзімен жауап берді

Владимир Путин өзіне қойылған сұраққа Назарбаевтың сөзімен жауап берді


Ресей президенті Владимир Путин өзіне қойылған сұраққа жауап ретінде Андрей Кондрашовтың фильмінде айтылған Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін келтірді.

Ресей басшысы өміріне қанша рет қауіп төнгені туралы сұраққа жауап бермеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Менің өміріме қанша рет шабуыл жасалғаны туралы айтудың керегі жоқ сияқты. Дегенмен, бұдан басқа да әңгімелер бар. Қазақстан Президенті Назарбаевтың «тақ және эшафот үнемі жаныңда» деген сөзі бар. Әрине әңгіме бұл жайлы емес, себебі мен ешқашан өзімді тақта отырмын деп сезінбедім. Мәселе басқада, адам қандай таңдау жасамасын, ол өзін сонымен байланысты екенін түсіну керек»,-деді Ресей басшысы әлеуметтік желілерде жарияланған Андрей Кондрашовтың «Путин» фильмінде.
Айта кетейік, бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің кездесуінде Нұрсултан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинге 18 наурызда өтетін президенттік сайлауда сәттілік тіледі. Ресей президенттік сайлауына Сергей Бабурин, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Владимир Путин, Ксения Собчак, Максим Сурайкин, Борис Титов және Григорий Явлинский үміткер ретінде қатысады.


http://stan.kz
16 наурыз 2018 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031