» » ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Өткен сенбіде аудан әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Басқосуда бұған дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған Ерлан Бәкіровты әріп­тестері жаңа қызметке ауысуына байланысты сәттілік тілеп, шығарып салды. Жиында аудан әкімі Асылбек Шаменов Ерлан Әмірханұлының еңбек жолына тоқталып, ауданда қызмет жасаған жылдары экономика, қаржы, салық, кәсіпкерлік салаларын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Аудан басшысы атап өткен салаларда серпін қалыптастыру мақсатында расында Ерлан Бәкіров­тың жемісті еңбек еткенін жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалармен кәсіп ашып, оның игілігін көруде жергілікті халыққа һәм іс­кер азаматтарға мол мүмкіндік жасалды. Ерлан Әмірхан­ұлының басшылығымен ауданға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несие, грант қаражаттарын тартуда, жұмыс жасап тұрған кәсіп­кер­лік субъектілерінің үлесін ұлғайтуда, сондай-ақ аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін түсіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Аудан кәсіпкерлерін ұйымдастырып, тұрмысы төмен, қолдауды қажет ететін отбасыларына жәрдем беру, көмек көрсету жұмыстары да жүйелі түрде ұйымдастырылды. Өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында сеніп тапсырылған экономика, қаржы, салық, кәсіпкерлік салаларына басшылық жасап, ау­данның әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына сүбелі үлес қосқанын Асылбек Шаменов те жоққа шығарған жоқ. Керісінше аудан экономикасында өсім қалыптастыруды көздеген білікті маманның мерейін асырды. Өңірдің даму жолында жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіріп, ауданның «Құрмет» грамотасын табыстады.

Ерлан Әмірханұлын Жалағаш аудандық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева да жаңа қызметімен құт­тық­тап, аудан әкімінің орынбасары қызметінде же­міс­­ті еңбек еткенін атап өтті. Сондай-ақ ол Ерлан Бәкіровке "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешованың алғыс хатын табыстады.
Расында өзіне міндеттелген әр салада оң нәти­же­лерге қол жеткізуде бұрынғы аудан әкімінің орын­басары қолтаңбасын қалдырды. Сондықтан бас­қо­су­да көрсетілген құрметке Ерекең әбден лайық.

Актив отырысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, жеке кәсіпкер Оразбек Ах­ме­тов Ерлан Әмірханұлының ауданда атқарған қыз­­ме­тіне оң бағасын беріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Өзін төмен ұстағаннан төбешікке айналғанды әлі көргеніміз жоқ. Кешегі жүздесуде Ерлан Әмірханұлы да көрсетіліп жатқан құрметке ризашылық білдіріп, өзінің кіші­пейіл азамат екенін тағы бір көрсетті. Әрбір мем­лекеттік қызметшінің бойында осындай ізгі қасиет болуы керек.

– Аз болсын, көп болсын, шама шарқымызша Жалағаш ауданы әлеуетінің артуына жұмыс жасадық. Баршаңызға ризашылық білдіремін. Кез келген жұ­мысты ширатуға білікті маман қажет екені анық. Ал Жалағаш ауданы мұндай мамандарға кенде емес. Оған ауданда жұмыс жасаған уақытта көз жеткіздім. Өзімді осы ауданның бір перзенті санаймын. Ау­дан­ның абаттануына, халқының әлеуетінің артуы жо­лын­да жасап жатқан жұмыстарыңыз жемісті бол­сын. Қайда жүрсек те мемлекет дамуы жолында атқарған жұмысымызға береке берсін, тағы да алғыс білдіремін, – деді Ерлан Бәкіров.

Айта кетейік, Ерлан Әмірханұлы 2020 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыройлы атқа­рып келді. Енді Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарады. Білікті маманның жаңа қызметіне біз де сәттілік тілейміз.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ


14 қыркүйек 2021 ж. 303 0

№75 (9755)

21 қыркүйек 2021 ж.

№74 (9754)

18 қыркүйек 2021 ж.

№73 (9753)

14 қыркүйек 2021 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930