» » ЕЛБАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ЕЛБАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ


Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімделіп, министрліктің қызметі туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
  Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын атап өтті.

  «Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек», — деді Қазақстан Президенті.
  Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанда қол жеткізілген экономикалық даму нәтижелері және экономикамызға жалпы әлемдік үдерістердің тигізіп отырған әсері жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, соның ішінде Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.


https://kyzylorda-news.kz
16 сәуір 2018 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (9497)

21 наурыз 2019 ж.

№20 (9496)

12 наурыз 2019 ж.

№19 (9495)

07 наурыз 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031