» » Назарбаев 92 жастағы Малайзия премьер-министрін жеңісімен құттықтады

Назарбаев 92 жастағы Малайзия премьер-министрін жеңісімен құттықтады


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Малайзия Премьер-Министрі Махатхир Мохамадқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты парламенттік сайлау кезінде өзінің «Үміт Альянсы» коалициясында жеткен жеңісімен және Малайзия Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
«Сайлау нәтижелері Сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның болашақта жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Мұны Сіздің 1981 – 2003 жылдарда Малайзияның серпінді дамуына қосқан үлесіңіз растайды. Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді», – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті сондай-ақ екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.
Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохаммадты өзінің жауапты лауазымында сәттілік, ал Малайзия халқына – бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.


http://stan.kz
14 мамыр 2018 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

№75 (9454)

06 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031