» » Танымал чемпион Қасымовтан отставкаға кетуін талап етті

Танымал чемпион Қасымовтан отставкаға кетуін талап етті

ÐÐ¹Ð´Ð°Ñ ÐаÑмеÑов


Қазақстанның танымал спортшысы Айдар Махметов ішкі істер министрі Қасымовтың отставкаға кетуін талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді көлік бөлшегін ұрлаушылар өлтіріп кеткеннен кейін, Instagram парақшасында жантебірентерлік жазба қалдырған Махметов ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті.
"Ол қаза таппай тұрып, оның Instagram парақшасына жүктеген соңғы видеосын көрген болатынмын. Сосын оның пышақталғаны жайлы суық хабар жетті. Дереу анасына хабарластым. Ол кісі Денистің көп қан жоғалтқанын айтып, алаңдап тұрды. Мен оның жазылып шығатынына, бұл қиындықты жеңетініне сенімді болдым. Алайда қаралы хабар да жетті.

Тал түсте, көліктің айнасы үшін адам өлтіру. Бұл біздің құқық қорғау органдарындағы олқылықты анық көрсетті. Көліктің бөлшеутерін ұрлап сату ісімен айналысатындардың тірегі бар екені баршаға мәлім. Мен Алматы қаласының ішкі істер департаменті мен ішкі істер министрі Қасымовтың отставкаға кетуін талап етемін. Ал Денисті өлтіргендер өлім жазасына кесілсін", - деді ашынған чемпион.

Айта кетейік, 19 шілде күні қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің денесін бүгін үйінен шығарды. Спортшыны өлтірген екі қылмыскер де қолға түсіп, олар өз кінәларын мойындады.

https://kaz.nur.kz




22 шілде 2018 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031