» » Зарина Нұрланова премьер-министрдің баспасөз хатшысы қызметіне келді

Зарина Нұрланова премьер-министрдің баспасөз хатшысы қызметіне келді


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың баспасөз хатшысы қызметіне Зарина Нұрланқызы Нұрланова келді.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Зарина Нұрланова ҚР Премьер-Министрінің өкімімен ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің басшысы — ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», – делінеді хабарламада.
Зарина Нұрланова 1986 жылы Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы «КАЗГЮУ университеті» АҚ және UBIS университетін іскерлік әкімшіліктендіру мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Arna Media Advertising» ЖШС менеджері ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Қазконтент» АҚ атқарушы, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен, Еуразиялық интеграция институтын басқарған, сондай-ақ, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі лауазымын атқарған.



Stan.kz
31 шілде 2018 ж. 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30