» » Назарбаевтың қолтаңбасы қанша тұруы мүмкін?

Назарбаевтың қолтаңбасы қанша тұруы мүмкін?

ÐазаÑбаевÑÑÒ£ ÒолÑаңбаÑÑ ÒанÑа ÑÒ±ÑÑÑ Ð¼Ò¯Ð¼ÐºÑн?

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы мен табыс тілеген жазбаша тілегі хабарландыру сайтында сатылымға шықты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Елбасының қолтаңбасы мен табыс тілеген жазбаша тілегін сатылымға қойғам сатушы президенттің қолымен жасалған мәтінді 350 мың теңгеге бағалады.
«ҚР Президентінің қолтаңбасы қойылған ізгі-тілек 1997 жылы жазылған. Елбасы оны сол жылы Алматыға келген сапарында қаладағы дүкендердің біріне барғанда альбомда қалдырған», – делінген хабарламада.
Қолтаңба иесінің айтуынша, 1997 жылы ол Алматыда азық-түлік дүкенінде жұмыс істеген.
«Елбасы Алматыға келген сапар барысында біздің дүкенге келген болатын. Назарбаев сол кезде альбомға тілек жазып, қолтаңбасын қалдырып кетті», – дейді ер адам.
Оның айтуынша, Назарбаевтың сапары алдын-ала жоспарланған.
«Негізінде, қолтаңба адамдардың қызығушылығын анықтау үшін сатылымға қойылды. Елбасының қолтаңбасы естелік ретінде сақталып тұруы мүмкін. Бір жағынан, көптеген атақты адамдардың қолтаңбаларын сақтап, жинап жатады», – дейді ол.


Stan.kz

20 тамыз 2018 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30