» » Қазақстан қытайлық компанияларды неліктен салықтан босатпақ?

Қазақстан қытайлық компанияларды неліктен салықтан босатпақ?

ÒÑÑайлÑÒ ÐºÐ¾Ð¼Ð¿Ð°Ð½Ð¸ÑÐ»Ð°Ñ ÑалÑÒÑан боÑаÑÑла ма?

Қазақстандықтар Инвестициялар жөніндегі министрліктің қытайлық инвесторларды салықтан босату туралы бастамасын талқылауда. Кейбірінің пікірінше, бұл біздің азаматтар мен бизнес үшін әділетсіз.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
2 миллиард долларды қамтитын қзақстандық-қытайлық инвестициялық қор әлі жұмысын бастамаса да, қордың төңірегіндегі дау басылар емес. Қоғамға қытайлық инвесторлардың дивидендтері салықтан босатылмақ екені белгілі болғаннан кейін, отнадастарымыз ел азаматтарына да жеңілдік жасауды ұсына бастады. Мысалы, табысы 150 мың теңгеден аз кәсіпкерлерді салықтан босату. Өз кезегінде кей депутаттар мұндай ұсынысты бірден қолдап шықты.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегілердің сөзінше,  барлық халықаралық қорлар осылай жұмыс істейді және Қазақстан үшін де артықшылықтар беріледі.
«Бұл қор арқылы инвестицияланатын қаржының жеңілдікті пайызы, жеңілдікті жағдайлары бар. Мысалы , түрлі жобаларды іске асыру үшін Қытайдан келетін қаржы Қазақстанға 1,5-2% жылдықпен келеді», – дейді инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Ал қазақстандық инвесторлар мұны әділетсіздік деп санамайды. Айтуларынша, Қазақстанда өз азаматтары үшін де көптеген жеңілдік бар. Алайда оларды пайдалана білу керек.
Қаржы сарапшысы Бота Жұманованың пікірінше, мұнда қытайлық инвестициялардың сапасына мән берген жөн. Олар біздің экономика үшін шынымен де пайдалы болуы тиіс.
Ал биліктегілер біздің экономикадағы қытайлық инвестициялардың үлесі жалпы көлемнен 5 пайызды құрайтынын атап өтті. Сондықтан олардан келер ешқандай қатер жоқ, дейді.


Stan.kz




13 желтоқсан 2018 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031