» » Путинді ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынды

Путинді ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынды

Ресей лидері Владимир Путинді 2018 жылы өтетін президент сайлауына ресми түрде кандидат ретінді ұсынды. Мәскеудің ВДНХ сарайында бастамашы топ 600 адамды жинады.
Олардың ішінде шенеуніктерден басқа балет әртісі Николай Цискаридзе, режиссер Владимир Хотиненко, актерлар Михаил Боярский мен Владимир Машков, дизайнер Валентин Юдашкин, пианист Денис Мацуев, Comedy Club Гарик Харламов пен Михаил Галустян резиденттері, совет хоккеисті Владислав Третьяк және жекпе-жектен әлем чемпионы Федор Емельяненко болды. Шара алдында қатысушыларға Оливер Стоунның "Путин" және Алексей Пимановтың "Қырым" кинолентасын көрсетті.
Путиннің өзі бұл шарада болмады. Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Путинді президенттікке ұсынып жатқанда, ол үкімет мүшелерімен кездесіп, "жылды қорытындылап" жатқан. Оның алдында президент Кремль шыршасына келген балалармен кездескен. Мемлекет басшысы балаларға Ресейді басқару қиын емес екенін айтқан. "Өйткені сендер сияқты балалар бар", – деген.
Путиннің жасы қазір 65-те. Ол Ресейді 1999 жылдың аяғынан бері басқарып келеді. 13 жыл ел президенті ретінде, төрт жыл үкімет басшысы ретінде билік басында болды.
27 желтоқсан 2017 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 57

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 830

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 747

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829