» » Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге туфли сатып алды

Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге туфли сатып алды

ФоÑо: KAZ.NUR.KZ

Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге аяқ киім сатып алды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин Шымкент қаласына барды. Сапар барысында бірқатар нысандарды аралаған Премьер-министр шұлықтың 200-ден астам түрін шығаратын "Әлем БТ" өндіріс орнына, кейіннен жуырда ғана іске қосылған "Lux Shoes" аяқ киім фабрикасына ат басын бұрды.
Аяқ киім моделінің жаңа түрлерін шығарумен айналысатын фабриканың жұмысын өз көзімен көрген Үкімет басшысы 12 мың теңгеге су жаңа туфли алды.
Айта кетейік, "Lux Shoes" фабрикасы "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Бұл жобаға 403 млн теңге кеткен.
Еске сала кетсек, былтыр дәл осы фабрикадан Шымкент әкімі де өзіне аяқ киім сатып алған.




https://kaz.nur.kz
17 наурыз 2019 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930