» » "Тәуелсіз мемлекет үшін рахмет": Геннадий Головкин Назарбаевқа алғысын білдірді

"Тәуелсіз мемлекет үшін рахмет": Геннадий Головкин Назарбаевқа алғысын білдірді



Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қазақстанның тұңғыш президентіне алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандық спортшы Instagram парақшасында Елбасыға ризашылық сөздерін жазған.

"Қазақстандық азамат және өз елімнің патриоты ретінде Тұңғыш президентімізге, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтқым келеді. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Бізде мақтанатын және жақсы көретін көпұлтты Қазақстан бар", -деп жазған ол.

Оған қоса, боксшы тұңғыш президентке денсаулық тілеген.
Айта кетейік, күні кеше Нүрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатты.



https://kaz.nur.kz
20 наурыз 2019 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031